- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 09 Сәуір, 2020
АҚШ-тың барлау қызметінің қауіпті індет туралы қараша айында білгені рас па?
АҚШ-тың Орталық барлау қызметі әлемді жайлаған қауіпті індет туралы өткен жылдың қараша айында білген. Ухань қаласынан төрткүл дүниеге тараған коронавирус жайлы олар Ұлттық медициналық орталығына мәліметтер жіберген.
Алайда АҚШ билігі де барлау орталығы да бұл деректерге онша назар аудара қоймаған. Спутниктік байланыс арқылы Қытайдың Ухань қаласын бұрын-соңды болмаған індет жайлап бара жатқаны туралы хабарды америкалық арнаулы қызмет өкілдері қытайлықтардың электрондық хат алмасуы арқылы білген. Сөйтіп, Америка біилігін хабардар еткен. Бұл мәселе жайлы тіпті Ақ үй басшылығына да хабардар етілген.
Қытайдан басталған коронавирустың қатері жайлы Орталық барлау қызметі Әскери барлау басқармасына, Пентагон және Ұлттық қауіпсіздік қызметіне де дәлелді деректер жіберген. Бірақ бұл мәселеге АҚШ билігі соншалықты маңыз бере қоймағанға ұқсайды. Енді міне бүкіл әлем Қытайдан басталған қатердің зардабын тартып жатыр.
Ал бүгін ресми Вашингтон «қытай билігі алапат қатері бар індеттің көрсеткішін тым төмендетіп жариялады» деп кінә тағуда. Қазір АҚШ-та коронавирустан 12 мыңнан аса адам қайтыс болып, оны 400 мың адам жұқтырған.
Ескерте кетейік, әлемде бүгін 1,5 миллион адам індетті жұқтырған, одан 87705 мың адам қайтыс болды. 184 елде қамтьыған короновирустан 290 мың адам жазылып шықты.
1682 рет
көрсетілді0
пікір






