- Шартарап
- 10 Сәуір, 2020
АҚШ- та жұмыссыздық 13 пайызға артты
АҚШ-та жұмыссыздар саны 17 миллион адамға жетті. Осылайша сарапшылардың бұған дейін жасаған болжамы жоққа шықты, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар 24»- ке сілтеме жасап.
Олар табысынан айырылғандары қатары 5 млн төңірегінде болады деп топшылаған еді. Айта кетейік 28 наурызда жұмысын жоғалтқан 7 млн 400 мың азаматқа әлеуметтік жәрдемақы берілген болатын. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда қазірдің өзінде америкалықтардың 40 проценті ел экономикасы рецессия жағдайында десе, 30 пайызы депрессияға түсті деп санайды. Еңбек министрлігінің деректеріне қарағанда, жұмыссыздық 13 пайызға артқан. Бұл бұған дейін болған дағдарыстағы көрсеткіштерден жоғары.
936 рет
көрсетілді0
пікір






