Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Сәуір, 2020

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 11 пациенттің жағдайы ауыр

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Қаратаев брифингіде елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы шұғыл ақпарат таратты. Мадемин Қаратаевтың айтуынша, қазіргі уақытта COVID-19 коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 11 пациенттің жағдайы ауыр. 6 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қырғызстанда 12 сәуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған 38 жаңа оқиға тіркелді. Олардың ішінде 12 медицина қызметкері бар. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 377 адамға жетті. Ал республика бойынша 63 дәрігер COVID-19 коронавирусын жұқтырған. Сондай-ақ, елде бес адам вирустан көз жұмды. Бүгінге дейін 54 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. Кабар

867 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз