- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Сәуір, 2020
Ұлыбританияда 10 мың адам қайтыс болды
Жексенбі күні Британия ауруханаларында коронавирустан қайтыс болғандар саны 10 мың адамнан асты. Бұл, қарттар үйінде немесе өз үйінде Covid-19-дан көз жұмғандарды қоспағандағы мәлімет.
Жексенбі күнгі деректер бойынша, Англияда - - 657, Шотландияда 24, Уэльсте - 18, Солтүстік Ирландияда 11 адам қайтыс болған. Премьер-министр Борис Джонсон ауруханадан шығарылды. Бірақ ол дәрігерлердің ұсынысы бойынша жұмысына әзірге кіріспей, премьер-министрдің қала маңындағы Chequers ресми резиденциясында сауығуды жалғастырады. ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, дүниежүзінде Covid-19 жұқтырғандар саны 1,7 млн-ға жуықтады, шамамен 106 мың адам көз жұмды. Вирус жұқтыру жағдайының ең көбі Еуропада тіркелген. 880 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Джонс Хопкинс университетінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Еуропа елдері арасында коронавирустан өлім Италияда ең көп тіркелген. Мұнда 19 мың адам көз жұмған. Одан кейінгі орындарда – Испания, Франция және Ұлыбритания тұр.
inform.kz
828 рет
көрсетілді0
пікір






