Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Сәуір, 2020

Вакцина ойлап тапқан адамға 1 миллион доллар сыйақы!

Коронавирустың әлемді жайлаған қиын кезеңінде Украина Президенті Владимир Зеленский украиндық ғалымдарға COVID-19 вакцинасын ойлап тапқан жағдайда, миллион доллар сыйақы беруге уәде етті. Бұл туралы lb.ua сайтына Украинаның бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшко хабарлады. Ляшко алдағы уақытта коронавирусты емдеуге арналған вакцина немесе дәрі-дәрмек болады деп үміттенетінін атап өтті. "Мен сіздерге бір құпияны айтайын. Президент менің академиктерге хат жазуымды өтінді. Президент мырза егер біреу вакцина немесе дәрі ойлап тапса, кем дегенде миллион доллар алады деп уәде берді"- деді Виктор Ляшко.

977 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз