Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Мамыр, 2020

Головкиннің жойқын соққыларының видеосы жарияланды

Головкиннің денеден жасайтын жойқын соққыларының видеосы жарияланды. Боксшы 35 қарсыласын нокаутпен жеңген. Jack Alter YouTube арнасында орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) денеден жасаған ауыр соққыларының видеожинағы жарияланды. Жинақта боксшының жекпе-жектері мен бір спаррингінен үзінділер берілген. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=hYx_cqyWGRY&feature=emb_logo   38 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 2006 жылдан бастап өнер көрсетеді. Содан бері ол 42 жекпе-жекте 40 жеңіске жетіп (35 нокаут), бір рет тең түсіп,  бір мәрте есе жіберді. Чемпиондық белбеуін қорғау бойынша әйгілі Бернард Хопкинстің жетістігін қайталап, 20 рет WBA белбеуін сәтті қорғаған Геннадий Головкин, орта салмақтағы ең жоғарғы нокаут көрсеткішіне ие болған боксшы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына есімі енген үздік спортшы.

38079 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз