Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Қазан, 2020

Англияда 67 жыл бұрынғы антирекорд қайталанды

Gracenote Live твиттер-парақшасы Англия чемпионатында 67 жылдан бері болмаған жағдайды еске түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Кеше «Ливерпуль» АПЛ-дің 4-турында «Астан Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын. Осылайша команда ұзақ уақыттан бері Англия чемпионы ретінде 7 гол жіберген алғашқы клуб атанды. 

Мұндай жағдай соңғы рет 1953 жылы болған. Сол кезде ел чемпионы «Арсенал» «Сандерлендтен» 1:7 есебімен жеңілген еді. 

Айта кетейік, кешегі ойында «Ливерпуль» сапында Мохамед Салах дубль жасаған. Ал «Астон Вилла» құрамында Олли Уоткинс хет-трик жасаса, Джек Грилиш дубль авторы атанған, Джон Макгинн мен Росс Баркли бір голдан соққан болатын. 

 

38903 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз