Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 03 Қараша, 2020

«Қайрат» - Қазақстан чемпионы! (Видео)

Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан біріншілігінің чемпионы атанды.

Бүгін, 3 қараша күні алматылық команда шымкенттік "Ордабасы" ұжымын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесудегі есепті 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. 



Артынша "Қайрат" командасы пенальти орындауға мүмкіндік алды. Нүктеге Нұралы Әліп келіп, айып добын сәтті орындады. 



 
Бірінші таймда-ақ екі доп басымдығына ие болған "Қайрат" ойыншылары екінші таймды шамалы сылбыр бастады. Сөйтіп, 77-минутта шымкенттік команданың шабуылшысы Жоао Пауло бір гол соғып кетті. 






Бірақ 80-минутта алаң қожайындары сапынан алаңға тыңнан шыққан Ұлар Жақсыбаев үшінші голды соғып, матчқа нүкте қойды. 






Айта кетейік, маусымның аяқталуына әлі біраз тур бар. Алматылық команда болса үш ойын өткізу керек. 

Бірақ, бұл жеңісінен кейін "Қайрат" мерзімінен бұрын чемпион атанып отыр. Алматылық команда 16 жылдан кейін бірінші рет чемпион атанып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан "Қазақстан чемпионы деген атақты "Астана" командасы иеленіп келді. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр. 
 
 
 

38959 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз