Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 12 Қараша, 2020

Ғарифолла Әнес: «Әбіш әлемі» осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған жоба (видео)

«Арыс қоры» (баспасы) классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері  Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық торқалы тойына бағышталған «Әбіш әлемі» жобасын жүзеге асыру үстінде.

Еліміздің рухани тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы әрі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының (1939-2015) қаламынан туған мол мұрасы келешекте тек туған халқының ғана емес, күллі адамзат қауымының асыл қазынасына айналып, жаҺандық өркениет қорына олжа салары сөзсіз.

Рас, Кекілбайұлымен әдебиеттің бір дәуірі өтті. Құжаттармен дәйектелген  ғылыми танымдық екі томдық кітапта құныға оқитын қызықты материалдар өте көп. Қазір классик жазушының үшінші томы әзірлену  үстінде.

«Арыс» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес «Әбіш әлемі» жобасы туралы Kazgazeta.kz ақпараттық порталына кеңінен  айтып берді.

 

Бейнематериалды дайындаған Әлихан Жанарбек

 

 

40202 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз