Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 13 Қаңтар, 2021

Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіт көпшілікті тәнті етті (видео)

Каспий теңізінде мәнерлеп сырғанаған жігіттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жедел тарап, көпшілікті тәнті етті.

Бұл бейнежазба Атырау облысы Құрманғазы ауданында түсірілген екен. Бейнеролик авторы 25 жастағы Әди Бектеміров өзі шекара қызметінде болса да, «бос уақытта табиғат аясындағы мұндай кереметтерді түсіру – хоббиім», дейді.

Бейнероликті кеше өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Осылайша, бейнежазба желі қолданушыларының назарына бірден ілігіп, қошеметке бөленді. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы да қарапайым ауыл баласы. «Негізгі мақсат – небір дүлдүл тұлға туған Құрманғазы ауданын танытып, Теңіз кереметін паш ету», - дейді бейнежазба авторы.


59175 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз