Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 01 Ақпан, 2021

Қариялар жаппай компьютер үйреніп жатыр (видео)

Жаңа технологиялар дәуірінде компьютердің қыр-сырын біліп, қолдағы құрылғылардың мүмкіндігін толығымен пайдалана алу кім-кімге де өте қажет. Елімізде 2018 жылдан бастап алғаш Алматы қаласында қарттарға арналған “Белсенді өмір  орталығы” ашылды. Онда бірінші кезекте қарияларға IT сауаттылық, ағылшын тілі, дене шынықтыру, би курстары ашылып, қызмет көрсете бастаған болатын. Бір қызығы орталық алғашында 75 адамға есептелгенмен, сұраныстың жоғарылығы сонша  күніне 350-дей зейнеткер қатысуға тілек білдіріп, орталықтар аясы кеңейді дейді мамандар. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осындай орталықтар бар. 

Алматы қаласындағы 4 бірдей орталықта IT сауаттылық курсынан дәріс беретін маман Мұрат Қатубаев  бүгінге дейін мыңнан аса қарияға ақпараттық технологияның қыр-сырын үйретіпті. 

“Қариялар өте ынталы. Компьютер мен мобильді құрылғыларын қолдануды үйреніп алып, әлеуметтік желілерде кәсібін дамытып отырғандар бар. Коммуналдық төлемақыларды үйден шықпай-ақ, ешбір үстемақысыз төлеуді меңгеріп алды. Әсіресе, пандемия кезінде үлкен кісілер керек дәрі-дәрмектерін ғаламтордан іздеп, емханаларға жазылуы сияқты мәселелерін өздері смартфондарымен-ақ іске асырды”,-дейді Мұрат Қатубаев. 

Бүгінде курс онлайн түрде жүргізіліп жатыр. Тегін. Қарттарымыз өте белсенді.

 “Қартайған шақта жаңа технологияны үйрену қиын шығар” деп сабақты жүрексіне бастайтын қариялардың қабілет-қарымына ұстазы да таң-тамаша қалып отыр.  

Жаңа білім үйрену - сананы сергітіп, миды жаттықтырады. Ал санасы сау адамдарға қарттықтың ауылы алыс екені рас. 

 

Айнұр Мұратова

 

37727 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз