Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 15 Наурыз, 2021

Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды. Оның бұл туындысы YouTube-те 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген.

 Ал өткен мамыр айында британдық хит-парадта көш бастады. Осылайша америкалық рэпердің ремиксі ең танымал ондық композицияның ішіне кірді. Осы жетістіктен кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбысжазу компаниясымен келісімге отырды.

Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.

Иманбек Зейкенов  Instagram парақшасында видео жариялады. Сыйлықты алған сәтінде ол ең алдымен ата-анасына, командасына, менеджеріне және осы сыйлыққа лайық деп тапқан Grammy қазыларына алғысын жеткізеді.

 «Әр музыканттың карьерасындағы ең керемет сәт - Grammy сыйлығын иелену. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!» деп жазады музыкант.

Иманбек Зейкенов ата-анасымен бірге Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрады. Өзінің айтуынша, ол ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтан үйренген. Өткен жылдың желтоқсанына дейін ол жергілікті темір жол стансасында жұмыс істеді.

 

 

 

 

36330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз