Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 30 Қыркүйек, 2021

ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ

Бүгінгі Путин мен Тоқаев қатысқан онлайн форумда қызық жағдай болды. Путин Қазақстанның жолбарысты қайта жерсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанына таңданыс білдіріп, "сонда Қазақстанда бұрын жолбарыс болған ба?" деп сұрақ қойды. Сұрақты экология министріне қойып еді, біздің министр қарық қылып жауап бере алмады. Бір-екі сөйлеммен "тарихи фактілерге қарасақ болған дейді" дегендей бірдеме айтты. Экология саласындағы басты жоба жайлы министр кеңінен айтуы керек еді.

Министрдің жауабына қанағаттанбады ма, Тоқаев өзі толықтырып жауап берді. "Қазақстанда жолбарыстар болған. Бұл дала жолбарыстары, ежелгі дәуірде олар азуы алты қарыс жолбарыс (саблезуб) болған. Отызыншы жылдары да кездескен. Соғыстан кейін жойылып кеткен. Біз оны қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатырмыз және ол жобаны маңызды санаймыз. Оны ТҰРАН жолбарысы деп атаған" деді.

Жолбарыстың тарихын біліп, айтып шыққаны дұрыс болды. Осы форумда тюленьдерді де сақтап қалу мәселесін көтерді. Экологиялық жобаларды көбейткен дұрыс қой, қазақ даласында қаншама жануар, құс, аң, балық, өсімдік жойылып кетті. Енді барын сақтап қалу керек, ал жоғын мүмкіндік болса қалпына келтірген дұрыс. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ дегендей.

Асқат Қасенғалидің фейсбук парақшасынан

29470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз