Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 11 Ақпан, 2022

Қарыздың әлегі

Көпшілігіміз ертеңгі күнді ойламай,  «бірдеңесі болар", "заманның ағымы осы, ағайын жұрттан ұят болар" деп несие алып, қарызға батып жатамыз. Сол банктен алған несиесімен біреулер шаруаларын дөңгелетіп отырғанмен, көп адам қарызға белшесінен батып отыр. Тіпті, берешектерін өтей алмай, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып, уайым-қайғымен өмір кешіп жатқан адамдар көп десек болады. Бұл күнде банктен қарыз алмаған немесе өзге біреуден үстемеге ақша алмаған адам кемде кем. 

Көз арбап, жалт-жұлт еткен жарнамалар, несиені бейне бір тегін беріліп жатқан дүниедей көрсетеді. Кепілдемесіз несие, құжатсыз несие, өсімі  аз несие, ипотекаға «сыйланған» жайлы үй,  қарызға берілген көлік  немесе тұрмыстық бұйымдар... жалаңдаған жарнамалар еліктірмей қоймайды. Тіпті өз еркіңмен қалай қарыз қамытын мойныңа іліп алғаныңды білмей де қаласың. Нәтижесінде бар табысыңды несие өтеуге жұмсайсың. Бәлкім   жүз кісінің бірі ғана берешегін қайтару үшін қиналмас... Бірақ басым бөлігі несиенің қасіретін сезінеді. Бұл  өмірдің ащы шындығы.

"Аштың ақылы- тамағында. Жаяудың ақылы- табанында",-дейді дана халқымыз. Саналы түрде ойланып барып, қадам жасайық!     

                                                                                      Жанарбек Алихан

24572 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз