Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 01 Маусым, 2022

Ерекше балалар өз мерекесін атап өтті

Алматыда 1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерті өтті.

Шараға Медеу ауданы әкімшілігінің аппараты, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға  Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде арнайы көмек көрсететін 2-бөлімшеден қызмет алушы балалар және ата-аналары шақырылған.

Концертке 240-қа  тарта ерекше қамқорлықты талап ететін балалар келді.

Мерекелік шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Сондай-ақ, балалардың салған суреттері мен қолдарынан жасалған бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.

Медеу аудандық әл-ауқат бөлімі мерекелік шараға келген балаларға арнайы сыйлықтар үлестірді.

Әсем әуенге толы ерекше кешті тамашалап, бір марқайып қалған балапандардың ата-аналары, баласын осындай шараға арнайы шақырған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Мұндай іс-шаралар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп, өмірге деген құлшынысын арттырады дейді мамандар.

 

23145 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз