Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 06 Маусым, 2022

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі

"Суицид" өте қорқынышты сөз және көптеген адамдар оны дауыстап айтуға қорқады. Бүкіл әлемде және Қазақстанда соңғы кезде бұл мәселе өте жиі белең алып барады.

Суицидтің басты себебі не? Неге жыл сайын осыншама адам өз еркімен опат болады? Оның астарында тұрмыс тауқыметі жатыр ма, әлде адамдар арасындағы араздық па? Депрессия мен психикалық ақаудың салдары ма? Әлде, шынында да интернет пен әлеуметтік желілердің зардапты ықпалы ма? Ашу мен ызадан туатын дерт пе, әлде арақ пен нашиның кесірі ме? Осы іспеттес ұшығына жеткізбейтін күрделі сұрақтар көпақ. Бірақ кесімді, көңілге қонымды қарапайым жауап жоқ. Бірде-бір жекелеген сеп немесе фактор адамның өзін өзі өлтіруіне сеп бола алмайды.

Кейде ата-аналар балаларының, әсіресе, жасөспірімдердің мінезіне шағымданады. Іс жүзінде барлығы әлдеқайда қарапайым дүние. Тіпті екі-үш жасар нәресте де ата-ананың назарын қажет еткенде түрлі қылыққа барады. Қорқынышты болса да шындығы сол, кейде балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының бір себебі, өзінің бар екендігіне назар аударғысы келгені болуы мүмкін.

P/s: Практикалық материал

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің 4-курс студенттері:

Ақерке ДҮЙСЕНБАЙ, Жансая АХТАЙ, Диана ТЛЕУГАЗИНА

 

 

21813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз