Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 20 Қараша, 2022

Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр? (фоторепортаж)

Алматылықтар кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беруде. Kazgazeta.kz тілшісі қаладағы №211, №28, №545, №209 сайлау учаскелерінде болып қайтқан еді. Назарларыңызға тұрғындардың дауыс беру сәттерінен фотокөріністер ұсынамыз.

Бақытбек Серікбаев, №209 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

-Сайлау-өз деңгейінде өтіп жатыр. №209 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің жалпы саны-1682 адам. Тұрғындардың сайлауға қатысуға өте белсенді. Сайлау барысын 11 бақылаушы қадағалап отыр.

Фариза Ғабидулла, бақылаушы:

-Таңнан түске дейінгі аралықта Алатау ауданындағы Зерделі шағын ауданындағы №28 сайлау учаскесіне 600-ден адам дауыс берді. Әлі де дауыс берушілер белсенділік танытуда.

Әзірге, біздің бақылауымызша ешқандай құқықбұзушылық орын алмады. Бізде дауыс берушілердің ең белсенді санаты - 35-40 жас аралығындағы азаматтарды құрап отыр.  

Болат Жанайқанұлы,

№211 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

-202 мектепте №211 сайлау учаскісі жаңадан ашылып отыр. Көпшіліктің белсенділігі өте жоғары. Қуантарлығы, үлкен кісілермен бірге, жастардың да келіп дауыс беріп жатқандығы.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

5731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз