Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қаңтар, 2023

Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру талқыланды

Бизнес-ортаны реттеудің «таза парақтан» реформасы 2030 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санын 4,7 млн адамға жеткізуге мүміндік береді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді.

«Жалпы, «таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз», - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын екенін кәсіпкерлер сезіне алуы керек.

«Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек. Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.


Фото: t.me/Kzgovernment

842 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз