Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 01 Ақпан, 2023

Елдегі инфляция деңгейі - Ұлттық статистика бюросы

Бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады. Бағаның өсуі күрішке – 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған немесе салқындатылған балыққа – 1,8%-дан, қара бидай-бидай нанына, жұмыртқаға – 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға – әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді. Құмшекер 1,9% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында – әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында – 2,8%.

Аймақтардағы инфляция деңгейі (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға)

өткен айға, пайызбен


Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
 

 

2023 жылғы қаңтар

2022 жылғы қаңтарға

2022 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

20,7

1,1

Азық-түлік тауарлар

25,7

1,4

Азық-түлік емес тауарлар

20,2

0,9

Ақылы қызметтер

14,2

0,7

2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.

2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын – 88,5%, кеңсе тауарлары – 71,4%, пияз – 62,4%, қант – 60,9%, қияр – 55,6%, консервіленген сүт – 46,4%, ұн – 42,8%, макарон өнімдері 42,3%  қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қауынды қырыққабат арзандады – 26,5%.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. 

Тізімге оралу

1217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз