Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Ақпан, 2023

Парашаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа қызметтік пәтер берілді

 Бүгін Петропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайдыоблыс әкімінің Facebook парақшасы.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ербол Хамитовтың парашаңғыдан әлем чемпионы атанған. Ол осы жарыста тағы екі медеаль жеңіп алды. 

Айта кету керек, бұл - Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде.

Қазақстан құрамасының сапындағы жеті спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.

«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым», - деп жазды әкім Айдарбек Сапаров.

Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.

Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды.

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

486 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз