Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Ақпан, 2023

Алмат Кебіспаев спартакиада чемпионы атанды

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы мәреге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Бұл жарыста әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері, 35 жастағы Алмат Кебіспаевтың кілемге қайта оралуы жанкүйерлердің назарын ерекше аударды.

Қарағанды облысының атынан күрескен Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақта финалға қиналмай шықты. Соңғы бәсекеде шығысқазақстандық Мерей Бекеновті 5:2 есебімен ұтты.

Осылайша, А.Кебіспаев Қарағанды облысына алтын әперді.

Сондай-ақ бүгін Абай облысының өкілі Айбек Сабырбеков (60 кг), алматылық Азат Садықов (77 кг), тағы бір абайлық Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) және шымкенттік Әлімхан Сыздықов (130 кг) чемпион атанды.

Кеше өз салмақ дәрежелері бойынша Марлан Мұқашев (Астана, 55 кг), Мұхаммедәли Мамырбек (Шымкент, 63 кг), Ибрагим Магомадов (Қарағанды, 72 кг), Ислам Еволев (СҚО, 82 кг), Олжас Сырлыбай (Қызылорда, 97 кг) үздік шықты.

ҚР VI жазғы спартакиадасы енді еркін және әйелдер күресі бойынша жалғасатын болады.

Фото: ашық дереккөзден

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз