Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 04 Ақпан, 2023

Қалада үй салу көрсеткіші ауылдан екі есе тез өсіп келеді

Үй - біреуде бар, біреуде жоқ. Сізде кей кездері бізде осы жалпы қанша үй бар деген сұрақ туындайтын шығар. Негізі бұл қызық ақпарат.

2021 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанда 2 448 146 үй болды. Сол жылы елде 19 644 067 адам тұрғанын есептесек, бір үйге 8 адамнан келеді. Қазір де осы пропорция өзгермеді деп ойлаймын. 

Осы үйлердің 999 396-сы қалада. Ал 1 448 750 үй ауылда. Ауылдың салмағы басым. Бірақ ол уақытша құбылыс деп айтар едім. Өсім динамикасына қарап сіз де сондай қорытындыға келесіз.

Бізде 2018 жылы 2 334 252 үй болды. Оның 939 684-і қалада, 1 394 568-і ауылда тұрды. Сонда 4 жылда қаладағы үй саны 6,3 пайызға, ауылдағы үй саны 3,8 пайызға өскен.

Яғни, қалада үй салу көрсеткіші ауылдан екі есе тезірек өсіп келеді. Бұл қарқынмен, алдағы 10 жылда қаладағы баспана саны ауылды басып озатыны анық.

Тағы бір құбылыс - Қазақстандағы бір үйге 8 адамнан келеді дедім ғой. Сонда, ауылдағы бір үйге 5 адамнан, қаладағы үйге 11 адамнан келеді. 

Айбар Олжаевтың Facebook парақшасынан.

Фото:www.facebook.com/

 

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз