Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 04 Ақпан, 2023

Сөздің қуатын өзіңе қарсы қолдануды доғар

Ойдың, сөздің, сенімнің қуаты өмірді өзгертеді 
Сөздің қуаты – киелі күш. Сөздің қуатын өзіңе қарсы қолдануды доғар.
                                                                   Джозеф Мэрфи
                           
Сөздің қуаты
1 Кеңес
Үйдегі не жұмыстағы бір жағдайды түзеу үшін апта бойы аузыңнан шығатын сөзіңе ие бол. Тек жақсы сөз айт. Ешкімді сынама. Ең бастысы – өзің туралы жаман сөйлеме. Сөйлеу мәнеріңнен «мен сондай ақымақпын», «артық қыламын деп тыртық қылдым» деген кезекші сөздердің көзін құрт. «Мен үнемі кешігіп келемін» дегеннің орнына «кешіріңіз, сәл кешіктім» де. «Басым қатып кетті» деудің орнына «сабырға келейін, бәрін жасап қоямын» де. Қазақ тілі өте бай тіл. Қажет сөздің түрлі баламасы бар. Солардың ішінен ең жұмсағын, жылысын тауып сөйле.
Бұл не береді?
Ашулы сөздерді көп айтсаң, бейсанаң айналаңдағы аураңды құтырта береді. «Шайтан құтырғандай», аураң ластана береді. Өзіңе жақпайтын бір тақырыпты қозғай салсаң, бітті, жамандық болмайтын жерден бола салады. Жаман сөз айтқан сайын өз миыңа «агрессия» деген команда бересің. «Балшықты оба» деген файлды ашасың. Өз негативіңді ерік-жігеріңмен жең. Ішіңнен «Көңіл күйім тамаша» деп айт. Бірнеше рет. Эмоциясыз. Бұл сенің бейсанаңды және өз өміріңді басқарудағы ең бірінші қадамың болады.
2 Кеңес
Дамып кеткен интернет заманында қуанта бермейтін жаңалықтарды көп ақтарамыз. Терракт, соғыс, соттың қателегін, әр түрлі әділетсіздіктерді талқылаудан бас тарт. Темекі шегетін жердегі ах, охпен ешкімге көмек бермейсің. Тек өзіңнің бейсанаңды түнекке түсіресің. Бейсана қожайынның тілегін тыңдап, өзің таңдаған арнадан бірер тосынсыйды алдыңнан тосуы ықтимал. Бұл саған ұнаймайтынын ол қайдан білсін? Өзің ғой жол апаты, тұрғын үй кодексінің бұзушылығы туралы әсерлене айтқан.
Бұл не береді?
Бейсана адамның қаншалықты әсерленетіндігіне мән береді. Кейде сүйіктің туралы аз ойлап, интернеттегі бір жаман жаңалыққа бола күйіп-пісетіндігіңді байқамайсың. Қорқынышты нәрсе туралы ойлағанда, оргнизм адреналин бөледі. Өзің ұнататын нәрсе туралы ойлағанда да сөйтеді. Алайда адам қуаныштан гөрі қорқыныштан көп әсерленеді. Бейсана мұны «А, солай ма! Сымбатты бозбала – 5 балл, құлаған ұшақ – 10 балл. Мас пилотты ұйымдастыру түк емес. Ұшақты құлатпаса да, біраз елді үркітеді. Біздің ханымға ұнар» деп қабылдайды.
Ойдың қуаты
Бейсананың ең қуатты бағдарламасын өз ойымызбен түземіз. Бағдарлама жүзеге асу үшін, өмірлік мақсат ретінде жұмыс істеуі үшін сенің ой-пішінің лайықты безендірілуі тиіс. Ғалым әрі кісікиік өмір сүретін Джон Кехо өзінің «Бейсана бәрін істей алады» дейтін кітабында былай дейді: «Адам миы көпшілік ойлағаннан да өте тұрақсыз. Оны басқару үшін мықты ықтияр керек». Сен де соны игеруің керек: өз тілегің бойынша ой тудырып, керек емесін миға жой деп бұйырасың. Адам әр ойына бағына берсе, өзін белгісіз бағытта кетуге мүмкіндік берсе, ол қиялының, тілегі мен уайымының қақпанында қала береді».
Пішіні жоқ, бейберекет армандардан орындалуы жылдам саналы ойды ажырата білу керек. Тілек орындалу үшін оны мақсатқа айналдыру қажет. Егер сен шынында да сиқыршы болғың келсе, алдымен зейін қоюды үйрен. Кехо күніне бес минут ойды тиянақтауға арна дейді. Бар болғаны бес минут! 300 секунд ішінде дәл қазір нені қаласаң, соны ғана ойлап тұруың керек. Далаға шығар деп тұрған итті емес, жылтыңдап, «мені оқы» деп тұрған хатты емес. Мақсатқа жету сеанстары араға күн салмай, күнделікті жасалуы тиіс. Ең жақсысы ұйықтар алдында жасау. Ойға қуанышты көңіл күйді қосып отыру қажет. Қалағаныңа қол жеткізген кезде қалай қуанатыныңды, не сезінетініңді сезінгендей бол: қуаныш, алғыс, дірілдеу, рақатқа бөлену. Осындай жаттығулардан соң нәтижесі көп күттірмейтінін өмір көрсетіп жүр, бір айда, ары кеткенде үш айда армандаған нәрсеге қол жеткізесің. Сол уақыт ішінде күмән-күдікті жолатпа. Бұл бейсанамен жұмыс істеудің басты принципі сол: бейсана саған жұмыс істейтініне сенуің керек. Егер шын ниетіңмен жұмыс істесең, ол басы бүтін сенің тіліңді алады.
1 Кеңес
Дәл қазір қандай өмір сүріп жатқаның маңызды емес. Бәрін нөлден баста. Қандай жетістікке жеткің келгенін нақты жаз. (Сабыр сақта, дәл қазір ештеңе істеудің қажеті болмайды. Достарды сатып, таңдау жасау шарт емес. Ештеңені құрбан етпейсің. Тек күн сайынғы бес минутқа күш-қуатың мен уақытыңды жұмсайсың).
Қазір ойың тұнық болуы тиіс. Мәселен: саған жаңа баспана керек. Оның қандай болуы дәл қазір өзіңе тәуелді. Қайда орналасқаны, қандай ауқымды қамтитыны, неше қабат болатыны да өзіңнің иелігіңде. Терезеден көретін көріністі, көршілерді өзің ойлап тап. Бір сөзбен айтқанда, сен үшін қажеттіні анықта. Қазір тапсырыс берген үй қайдан шыға келетінін бір Құдай ғана біледі. Анығында, бейсанаң біледі. Ешбір нар тәуекелге бел байлаудың қажеті жоқ. Тек тәжірибе жаса. Бұл қалай жұмыс істейді?
Материалды әлемде бәрі-бәрі бар. Бір адамда бәрі бар, бірі шетте отырып алып, үндемей көреалмастық жасайды. Ежелден келе жатқан заңдылық: жолы болғыштар мен жолы болмайтын адамдар бар. Жолы болғыштар бейсананың (оны не деп атаса да) күшіне және әлемде дәулет жеткілікті, бәріне жетеде дегенге сенеді. Жолы болмайтындар бұл өмірде еш жақсылық күтпейді.  Әркімге өз сеніміне сай бақ қонады. Бұл киелі кітаптарда да жазылған. Психолог-практиктер мұндай кітаптарды өте мұқият оқиды.
2 Кеңес
Егер зейін қою өте қиын болса, онда тілегіңді қағазға жаз. Өмірге деген бүкіл өкпеңді тізіп керек емес. Үш-төрт бағытты ғана жаз. Шамамен былай болсын: «Мен қала сыртындағы, қаладан 15 минуттық жердегі қос қабатты үйде тұрамын»; «Мен Амазонканың бойындағы жабайы маймылдардың өмірі туралы деректі фильм түсіріп жатырмын». Күн сайын бес минут ештеңеге алаңдамай осыны оқып, бес минут бойы қайталайсың. Неғұрлым қысқа әрі түсінікті болсын. Егер осы «мантраларды» ойша Амазонка, үйдің суретімен сипаттасаң, нұр үстіне нұр. Қуаныш туралы айтып кеттік.
Бұл не береді?
Көптеген діндерде жазбаша ұстанымдарды бекіту ережелері бар. Кейде оларды өртейді (көкке жібереді), кейде тұмар қылып тағып жүреді. Ресейде арнайы бауға жазылған дұғаларды аналар мен келіндер соғысқа аттанып бара жатқан сарбаздың жағасына тігіп беретін болған. Ыстамбұлдағы Топкапы музей-сарайында ақ бата жазылған жейде-тұмарлар сақтаулы. Мұндай киім киген адам ғажайып жасап, бүтін халықтарды басқара алатын болған деген аңыздар бар.
Өз қолыңмен жазған жоспарларды бейсанаңа үздіксіз бекіткен сайын ғажайыпты күтіп жүр. Сенің бейсанаң – сенің құлың, ол иесінен хат алады да соны орындайды. Бәрін мүлтіксіз орындауға тиесілі.
3 Кеңес
Разы бол. Бейсанаңа тапсырған тілегіңнің бір бөлігін алған сайын сол ғажайыпты еске алып, ризашылығыңды білдіріп отыр. Мектеп бағдарламасында алтын балық туралы ертегі бар. Неге бұл ертегі қариялардың үйін жақсарту туралы тілегін орындамай тастағанын білесің бе? Кемпір бәріне риза емес еді... Қанша қабат, тұрған жері, ішіндегі жиһазына...
Бұл не береді?
Алғыс сезімі (қолда барға қуаныш) адам рухын мейірімді әрі сергек ұстайды. Уайымдау мен ашулану бейсанаға негативті тартатынын айттық. Ал қуаныш өмірлік байлықты тартады. Бәрін иесіне тосады.
Сенім қуаты
Керісінше бастайық: «мен сұлумын, ақылдымын, бақыттымын» деген ұстанымға сенесің бе, жоқ па, маңызды емес. Бейсанаға соны қайталай беріп, оған бағдарлама бересің, екінші жағынан өзіңді жаңа ойға үйретесің. Егер ішіңнен «мен – шығармашылық адамымын» деп мыңдаған рет қайталасаң, сол ойға үйреніп кетесің. Өзіңді жаңаша сезіну сен үшін болмысыңды бүтіндеу болып шығады. Өзің ойлап тапқан жағымды ұстанымдарға сенбеуің мүмкін. Бастысы – бейсананың қуатына сену. Күнде-күнде бір нәрсені айта берсең, бейсана оны орындамай тынбайды. Қазіргі тілегіңе қарсы келетін басқа тілек ойлап таппасаң. Егер бейсананы әр түрлі тілек айтып, мазалап, шатастырмасаң, бәрі тез орындалады.
Өмірді өзгертетін тілекті орындау оңай емес. Бейсана әр түрлі адамдардың тағдырын бір арнаға тоғыстыруға талпынады. Сондықтан тілектер саналы болуы тиіс. Тәжірибеде бір рет тілегін орындап үйренген, көзі жеткен бойжеткен шырағданнан жынды ауыздықтай алғаны.
1 Кеңес
Іштей ревизия жаса. Қазіргі таңда көңіліңе не жақпайтынын біл. Ақша жетпей ме? Ақша туралы не ойлап, айтатыныңды еске түсір. «Айлыққа дейін жетпейді» деген сөзді ұмыт. Соның бәрін «ақшам көп, қалағанымды алам» дегенге ауыстыр. Бейсананы алда. Тілегің орындалғандай айт. Бірнеше ай қайталаған соң ақша жан-жақтан ағылады.
Денсаулық мазалай ма? Сол әдісті қолдан. Өзіңді қалай тамаша сезінетініңді айт. Әріптестеріңе басым ауырды, белім ауырды деп айтпа.
Бұл не береді?
Сен неге сенсең, бейсана соның бәрін алдыңа әкеледі. Ал сен көбіне нені әдет қылсаң, соған сенесің. Тілек жазып, жаттау, жаңа ойға бой үйрету, соны әдет қылу. Қалай күлкілі естілсе де, бұл нәтиже беретін әдіс. Ең қиыны күнделікті жағымсыз ойдың бәрін жағымдыға ауыстыру. Бастапқыда әр адамға бұлай істеу – жалған көрінеді.
2 Кеңес
Егер бейсанаға сенуді таңдасаң, онда түйсігіңе де сен. Рационалды сана мен логика үнемі көмектесе бермейді. Әсіресе, қиын-қыстау кезде. Жұрттың бәрі шапқылап, жүгіріп жүргенін көрсең, тоқтай қал да шырағданды сүртіп, жынға тапсырма бер. «Бұл маңызды» деп түсіндір. «Мен сенен қатты өтінемін!» дегін. Жауап сәл уақыттан кейін алдыңнан шығады.
Бұл не береді?
Негізі жауапты өзің білесің. Тек соны сөреден алуға өзіңе рұқсат бермейсің. Бала күніңде не деген ақымақсың, неғып түсінбейсің, сол секілді көптеген жағымсыз дүниелер айтылған болуы керек. Өзіңді солай сезіну әдет боп қалды. Ендеше жұмыс ұзаққа созылады – естеліктер топырағын аударыстырып, оған жаңаның дәнін ек – жетістіктің, бақыттың, сенімнің дәнін ек.

Джозеф Мэрфи
Аударған Ш. Әбілда

Фото: Досжан Балабекұлы

663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз