Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Ақпан, 2023

15 жасар қазақстандық теннисші ITF Juniors турнирінің чемпионы болды

15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

«Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім», деді Ә.Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз