- Аймақ тынысы
- 05 Ақпан, 2023
Ақтөбеде қыс басталғалы 87 мың текше метрден аса қар шығарылды
Ақтөбеде қыс мезгілі басталғалы 87 мың текше метрден аса қар шығарылды, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Таңертең шаһар көшелерін қардан тазартуға 100-ден астам жұмысшы, 14 бригада мен 130-дан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 87 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Жиналған қар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ауданында орналасқан арнайы полигонға төгіледі.
Естеріңізге сала кетейік, көпқабатты үйлердің аулаларын тазартуға КСК (ПИК), кондоминиум, басқарушы компаниялар, пәтер иелері жауапты.
305 рет
көрсетілді0
пікір