Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2023

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

6 ақпанда үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп  Қазгидромет.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде тау асуларында оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шымкентте түнде тұман түседі. Түркістанда да түнде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада да тұман болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз