Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Ақпан, 2023

Екатеринбург - Алматы бағытындағы жол жабылды

 Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Екатеринбург - РФ шекарасы - Алматы жолы жабылды, деп хабарлайды Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 5 ақпан, сағат 20:00-дан бастап республикалық маңызы бар «Екатеринбург РФ шекарасы - Алматы» автожолы (2381 км Акши ауылы - 2294 км Қаншеңгел ауылы) жабылғанын хабарлады.

«Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды», - деп ескертті ТЖД-да.

Ведомствода сондай-ақ дауыл ескертулері мен өзге де шұғыл ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болатынын хабарлады.

Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз