Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 06 Ақпан, 2023

Ұлттық банк доллар мен рубльдің ресми бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 458, 69 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,52 теңге. 3 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 05 теңгеге төмендеп, 458, 61 теңге болған. Ресей валютасы 6,52 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,5 – 462 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 458– 461,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6, 36 – 6,45 теңгеге сатып алуға болады.

244 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз