Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар бар

Түркияның Малатья провинциясының губернаторы Хулуси Шахин қалада осы уақытқа дейін жер сілкінісі кезінде 23 адамның қаза тапқанын, 420 адамның жарақат алғанын және 140 ғимараттың қирағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Еліміздің Халықаралық Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар өзінің фейсбук парақшасында: "Осыдан екі сағат бұрын Түркияда жер сілкінді. 7,4 балл. Дүмпуден бірнеше қалада ғимараттар қирады. Адам шығыны да бар. Ең көп Қахраманмараш, Хатай, Газиантеп, Малатья, Адана, Килис, Диярбақыр, Шанлыурфа, Османие, Адыяман қалалары зардап шекті.Түркияға Алла жар болсын!

07:50 AFAD-тың(Апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы) хабарлауынша: Жер сілкінуінен 76 адам қайтыс болды. 440 адам жараланған", - деп жазды. 

Фото Бақытжан Омардың фейсбук парақшасынан алынды

328 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз