Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Ақпан, 2023

СІМ: Түркияда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Түркияда орын алған қуатты жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз