Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Ақпан, 2023

Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Жер сілкінісінен 912 отандасымыз қаза тапты, 5 385 отандасымыз жарақат алды. Үйінді астынан 2 470 адам құтқарылды. 2 818 ғимарат қирады, – деді Ердоған.

Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты.

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Фото: www.cnnturk.com

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз