Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Ақпан, 2023

Өнеркәсіпті дамыту қоры тізімдегі орындар сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров жеңілдетілген автонесиеге өтінімі тіркелген 761 адамның тізіміндегі орындар сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Іріктелген тізімдегі орынды сату немесе өзгеге беру мүмкін емес. Ол өтінімде азаматтың бүкіл деректері: ЖСН, аты-жөні тіркелген. Сондықтан бөгде адам оның атынан несие ала алмайды. Сондықтан ондай хабарламаларға сенбеңіздер. Өйткені бұл алаяқтар болуы керек», - деді Ринат Гаппаров брифингіде.

Сондай-ақ, autonesie.kz сайты боттардан қорғалғанын еске салды.

«Боттарға келсек, өтінім беру кезінде антибот жұмыс істейді. Сондықтан боттар өтінімін тіркей алмайды. Бағдарламаның кішігірім олқылықтарын реттегеннен кейін ай сайын жұмыс істейді. Келесі айда қашан басталатынын қосымша хабарлаймыз», - деді Ринат Гаппаров.

 

Фото: smi.24.kz

342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз