Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Ақпан, 2023

Еуроодақ Түркияға көмек береді

Азаматтық қорғаныс және гуманитарлық көмекке жауапты Дағдарысты басқару Еурокомиссары Янез Ленарчич Анкараның өтініші бойынша Еуроодақтың 10 елі Түркияға іздеу-құтқару топтарын жіберетінін айтты, - деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Ленарчич журналистерге берген сұхбатында Нидерланды, Польша, Румыния, Хорватия, Болгария, Грекия, Чехия, Франция, Италия және Венгрия елдері жер сілкінісі болған аймаққа іздеу-құтқару топтарын жіберетінін түсіндірді.

Ленарчич эпицентрі Кахраманмараш болған жойқын жер сілкінісінде көптеген азаматтың қайтыс болуына байланысты Түркияға көңіл айтты.

Ол Түркияның өтініші бойынша Еуроодақтың азаматтық қорғау механизмі іске қосылғанын да қоса мәлімдеді.

Комиссар алдағы күндерде Түркияға көмек көрсетуге ниет білдіретін елдер санының артатынына сенімді. Ленарчич іздестіру-құтқару топтарының үйінді астынан азаматтарды құтқару үшін түрік тарапына көмектесетінін айтты.

Ленарчичтің айтуынша, көмек Түркия 2016 жылдан бері мүше болған Еуроодақ Азаматтық қорғаныс механизмі аясында беріледі. Кейбір құтқарушылар қазірдің өзінде Түркияға жөнелтілген.

«Біз Түркиямен құтқарушыларды орналастыру және жөнелту бойынша үнемі байланыстамыз», - деді ол.

Ленарчич Еуропа Одағы жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға да қолдау көрсетуге ниетті екенін айтты.

Фото Анадолу агенттігінің телеграм каналынан алынды

384 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз