Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Ақпан, 2023

Түркияда жер сілкінісі болған аймақта 47 адам құтқарылды

Түркияда эпицентрі Кахраманмараш провинциясы болған Пазарджик аймағында қоқыстарды шығару және құтқару жұмыстары жалғасуда.

Газиантеп қаласындағы Гази Мұхтар даңғылында 4 қабатты үйдің қирандыларының астынан екі адам құтқарылды.

Килис қаласының Явуз Сұлтан кварталында үш қабатты ғимарат қирандыларының астынан алты адам, Малатия қаласының Зафер көшесінде бір адам құтқарылды. Жалпы Малатьяда бір тәулікте үйінді астынан 37 адам шығарылды.

Османи провинциясында құтқарушылар опырылып құлаған он қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қызды алып шықты.

Операцияларға Түркия үкіметінің Төтенше жағдайларды басқару және алдын алу басқармасы (AFAD), Түркияның Ұлттық медициналық құтқару тобы (Ulusal Medikal Kurtarma Ekibi / UMKE), 112 құтқару қызметі, полиция, жандармерия және өрт сөндіру бригадалары қатысып жатыр.

 Соңғы мәліметтер бойынша елдің он провинциясында 900-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.

266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз