Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 103,8% құрады, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,4%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,5% байқалады.

Өңірлер арасында едәуір өсу Ақмола, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

2023 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімдері 29952,3 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 13958,7 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,6%), өңдеуде – 14042,9 млрд. теңгеге (46,9%).

Өнеркәсіптік өндіріс индексі

өткен жылғы сәйкес кезеңге пайызбен

 

Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері

Пайызбен

  2023 жылғы қаңтар-шілде 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 2023 жылғы тамыз 2023 жылғы қаңтар-тамыз 2022 жылғы қаңтар-тамызға
2023 жылғы шілдеге 2022 жылғы тамызға
Өнеркәсіп 103,6 101,9 105,4 103,8
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 103,8 97,1 108,0 104,3
Өңдеу өнеркәсібі 103,0 107,1 103,4 103,1
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 106,3 91,8 99,1 105,4
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 106,2 104,3 100,6 105,5

Шикі мұнайды (106,6%), табиғи газды (103,2%), темірді қоспағанда, кендерді (101,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (113,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 103,1%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдерінде – 4%, сусындар – 5,4%, химия өнеркәсібінің өнімдері – 3,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 6,4%, машина жасауда 28,1% белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату көлемдерінің 19,2%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 6,9% артуы есебінен ӨӨИ 105,4% құрады.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-тамызда ӨӨИ 105,5% құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері 9,4% артты.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Павлодар облыстарында және Астана қаласында белгіленді.

Өнеркәсіптік өндірістің индексі

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен, өсуі +, төмендеуі -

 2023ж. қаңтар-тамыз

 

6682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз