- Таным
- 09 Ақпан, 2024
Мұқағали Мақатевтың бейнесі таспаланған жалғыз бейнежазба
Сырлы сезімге толы жырларымен оқырманның жүрегін жаулаған Мұқағали Мақатаевтың есімін білмейтін қазақ жоқ. Өз дәуірінің шындығын шығармаларына арқау еткен ақынның артына қалдырған мол әдеби мұрасы мен фотосуреттері бүгінгі күнге дейін жеткенімен, мұзбалақ ақынның тау тұлғасы, асыл бейнесі жазылған бейнематериалдар жоқтың қасы. Тек қайталанбас бейнесі таспаланған жалғыз ғана бейнематериал бар. Ол «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қорында» сақталған «Мұқағали Мақатаев – «Мавр» поэмасынан үзінді» атты 1 минут 33 секундық бейнематериал. Бұл тарихи видео жайлы толығырақ «Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры Разия Ыдырысбаевадан сұрап білген едік.
- Рәзия ханым, ақынның бейнесі таспаланған бұл бейнематериал қашан және қайда түсірілген?
- Кезінде «Қазақтелефильм» біраз тұлғалар туралы деректі фильмдер топтамасын жасады. Соның бірі – Исраил Сапарбаев редактор болып, Ақжан Машанов сценариін жазып, Серік Жармұхамедов аға режиссері болып, Нарынқол ауданына барып, ақынның туған жеріндегі тойды түсірген. Кейін сол материалдар негізінде деректі фильмді жасаған. Фильмнің басы тау қыраны бүркіттен басталып, қарлы Хантәңірінің әсем көрінісін тікұшақпен түсіріп, Мұқағалидың өлеңдерімен, күнделігіндегі жазбаларымен көмкерген. Ақынның күнделігін Ғазиза Әбдінәбиева, Мейіргүл Жармұхамедовалар оқып, музыкасын Секен Тұрысбеков жазған. Фильмде Тұманбай Молдағалиевтің айтуынша, Мұқағалидың алғашқы өлеңін 1960 жылы Әбділда Тәжібаев оқып, Жазушылар Одағының пленумында сөз сөйлегенде, жаңадан келген жастар арасындағы Мұқағали Мақатаевты ерекеше атап өткен.
1960 жылдың жазында жазушылар Одағы мен Орталық комсомол комитетінің ұсынысымен Жүсіпбек Елебеков бастаған өнер қайраткерлері, Қасым Қайсенов бастаған ақын-жазушылар Талдықорған облысына Нұрмолда Алдабергеновтің ауылына сапарға шығады. Сол жерде кинопленкаға алғаш және соңғы рет Мұқағали бейнесі таспаланған. Ол туралы ақын Сағи Жиенбаев осы фильмде айтады және осы «Қыранның қанатынан қуат алған» деректі фильмінде бұл құнды тарихи материал қолданылған. Бұл фильмде ақынның анасы да бейнеленген. Бейнежазбаның 00:06:45 минутында: «Құрметті көрермен, біздермен бірге Мұқағали Мақатаевтың дауысын естіп, «Мавр» поэмасынан үзінді тыңдаңыздар және ақынның көзінің тірісінде ең алғаш рет және ең соңғы рет түскен киносюжетті бізбен бірге көріңіздер», - деп алыстан түсірген бейнежазбасын көрсетеді. Кадр сыртынан 2 минуттай ақынның «Мавр» поэмасын оқыған өз дауысын береді.
Разия Ыдырысбаева, Қазақстан» РТРК АҚ «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры
- Бұл бейнежазба қашан цифрлық форматқа көшірілді?
- 1967 жылы «Қазақтелефильм» экрандық-шығармашылық ұжымының ҚР телевизия және радиохабар жөніндегі комитеті жүйесіндегі телевизиялық киностудия бөлімі болып ашылып, 1969 жылы жеке бөлініп шығады. Бұған дейін «Қыранның қанатынан қуат алған» атты М.Мақатаев туралы бейнежазбаны «Қазақтелефильм» 1992 жылы 35 мм кинопленкаға жазған екен. Аталған кинопленка Алматы қаласындағы «Алтын қор» бөлімінде сақталған. Кейін синеджиге 2 форматтан көшіріп, сандық жүйеге түскен бейнежазбасы бар: біріншісі, Кадр 3 ПМ рулонынан көшірілген, 2011-жылы Betacam таспасынан сандық жүйеге түскен. Сапасы нашарлау, астынан қара сызық пайда болып, үстіне шығып кетеді. Бірақ дыбысы таза. Екіншісі, 2016 жылы SVHS таспасынан сандастырылған. Бұрынғы (сары түсті жарты күн, астында «Қазақстан» деген жазуы бар) логотиппен жазылған. Дауысы жәй шығады.
Әзірлеген Гауһар Түстікбаева,
«Қазақ газеттері»
Ақпарат ағыны
Kaspi, Kazakhmys және KAZ Minerals акционерлері мен басшылары СҚО-дағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 60 млрд теңгеге дейін бөледі
- Бүгін, 11:26
- 14
ДСМ медициналық қызметтерге тарифтерді көтереді
- Бүгін, 11:12
- 28
ТЖ министрі Жайық өзенінің бойындағы қорғаныс құрылыстарын тексеруді жалғастыруда
- Бүгін, 10:35
- 20
29 сәуірде Атырау мектептері офлайн оқыту форматына оралады
- Бүгін, 09:32
- 55
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
- Бүгін, 09:27
- 37
100-ден аса әке балаларымен бірге тал екті
- Бүгін, 09:19
- 39
30 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды
- Бүгін, 09:00
- 39
ШҚО-да өрт қауіпті кезеңде 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
- Бүгін, 08:18
- 48
Мұқағали Мақатевтың бейнесі таспаланған жалғыз бейнежазба
- 09 Ақпан, 2024
- 5475
«7-20-25» бағдарламасы аясында 71 952 қарыз берілді - ҰБ
- 06 Ақпан, 2024
- 5282
Нұрлан Сәрсенбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, этнограф: Талғардың қазақша мағынасы – Биік тау
- 03 Наурыз, 2024
- 4714
Алматыдағы тегін мұз айдындары
- 13 Ақпан, 2024
- 4566
Христо КЮЧУКОВ, педагогика ғылымының докторы, профессор, лингвист: Балабақша тілі – ертеңіміздің үні
- 25 Ақпан, 2024
- 4180
Ауылда тұрып, Америкада жұмыс істейтін Әсел
- 20 Ақпан, 2024
- 4178
Ерлан Әшім, кәсіпкер: Намыс деген құндылық бар
- 16 Ақпан, 2024
- 3984
Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
- 14 Ақпан, 2024
- 3840