Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Наурыз, 2024

Ақтөбеде құтқарушылар халықты арқалап эвакуациялап жатыр

Су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Ақтөбе облысының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Ақтөбе облысының Темір ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Темір ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан өз арқасында су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді шығарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында су тасқыны кезінде медицина қызметкерлері қиыншылыққа тап болып, үй-жайдан шыға алмай қалған. № 23 ӨСБ құтқарушылары Айбат Асабаев, Құмар Мәжен, Жүсіпек Әбілсейітов жедел шақыртуға шыға алмай қалған көмекке мұқтаж медицина қызметкерлерін ұзақ күттірмей, оларды қауіпсіз аймаққа алып шығарды.
Қазіргі уақытта өңірде су тасқынына қарсы су айдау, инертті материалдар мен қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

206 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз