Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Наурыз, 2024

Ақтөбе қаласының әуежайын су басты

Ақтөбедегі әуежайдың жұмысына еріген су кедергі келтірді. Су тасқынына байланысты әуе айлағы ұшулар үшін жабылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі ағымдағы ұшу кестесін әуежай немесе авиакомпанияның ақпарат қызметінен тексеру қажет екенін атап өтті.

"Ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты әуежай сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды", - деп хабарлайды Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.

Келесі рейстер кейінге қалдырылды:

SCAT/DV496/ Стамбул - Ақтөбе;

SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана;

FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы – Ақтөбе;

FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе – Алматы;

QAZAQ AIR/IQ399/ Астана – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе – Атырау;

QAZAQ AIR/IQ396 Атырау – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе – Астана;

AIR ASTANA/KC863/ Алматы – Ақтөбе;

AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;

SCAT/DV5263/ Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе;

SCAT/DV5264/ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх;

SCAT/DV721/ Астана – Ақтөбе;

SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.

Ал, Жем қаласында бұрынғы аэродромға апаратын көпір опырылып қалды. 

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз