Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 28 Наурыз, 2024

Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында кезекті халықпен кездесуін өткізді.

Азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуде рұқсат етілмеген полигондар, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз орналастыру мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, жеке қабылдауға Ақмола облысының бір топ тұрғындары қоғамдық тыңдауды өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы пікір білдірді, сондай-ақ Целиноград ауданының Талапкер а/о аумағында карьерді әзірлеуге келіспеушілік білдірді.

Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

Фото: gov.kz

126 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз