Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Наурыз, 2024

Жолда көкпар тартқандар 5 тәулікке қамалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының хабарлауынша: сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды.
2024 жылғы 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды.
2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

126 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз