Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2024

Притон иесі полицейге пара бермек болған

Ақмола облысында притон иесі полицейге пара беруге тырысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру ісінде өзін жауапқа тартпау үшін пара беруге тырысты.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде 44 жастағы С деген азаматты ұстады.
Пара бергені және жезөкшелік пен жеңгетайлықпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз