Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су басқан аймақтардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 10 мың 300 адам эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 700 тұрғын бар.

Тимур Сұлтанғазиев қатты су басқан Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының эвакуациялық пункттерінде болды. Мұнда ол медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, дәрі-дәрмек қорларының жеткіліктілігіне көз жеткізді. Бұдан әрі бірінші вице-министр Петропавлдың 1-ші қалалық ауруханасы жанындағы инфекциялық бөлімшенің жұмысымен танысты.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен Заречный кентінің тұрғындары қаланың екі мектебіне орналастырылды. Олар тәулік бойы психологтар мен дәрігерлердің бақылауында.

Бұдан басқа, облыстық перинаталдық орталыққа су басу қаупі төнген шалғай аудандар мен ауылдардан жүкті әйелдер алдын ала жеткізілді. Олар перинаталдық орталықта білікті медициналық көмек алуда.

Жұмыс сапары барысында облыстық әкімдіктің жанынан құрылған Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аумақтық жедел штабтың отырысы өткізілді. Жиында Тимур Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын сапалы медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: gov.kz

192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз