Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Сәуір, 2024

Петропавлда әскери қызметшілер белсенді көмек көрсетуде

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар мен жергілікті тұрғындарға Астана және Қарағанды қалаларынан барған Қарулы күштер әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмектесуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Астана" ӨңҚ 31775 әскери бөлімінің жүз әскери қызметшісі "Қызылжар су" сумен жабдықтау компаниясының аумағындағы жұмыстарға қатысуда. Мұнда олар биіктігі 180 см және ені үш метр құм салынған қаптардан қорғаныс бөгетін тұрғызды. 

– Мен өзім Петропавлданмын. Мен үшін осындай қиын уақытта жерлестерге көмектесу мүмкіндігі болғаны өте маңызды. Командирлерім мен әріптестерім менімен бірге, оларға өте ризамын. Суға тосқауыл қою үшін бәрін жасаймыз, – деді 31775 әскери бөлімінің сарбазы Илья Смагин. 

Әскери қызметшілердің басқа топтары Бескөл ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, сонымен қатар облыс орталығының тұрғындарына ауыз су тасымалдаумен айналысады.

Фото: gov.kz

240 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз