Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейді

Алматыда жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шықты. Құм салынға 2,3 мың қап дайындалды. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. 

Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген.

Күндізгі ауысымда 425 бірлік және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Фото: ашық дереккөз

249 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз