Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Қызғалдақ жұлған 22 жасар қызға 11 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін

Ол Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған, – деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті

Полиция қызметкерлері "грейг" қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. 

Фото: дереккөзден алынды

82 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз