- Аймақ тынысы
- 16 Сәуір, 2024
Алматы жартылай марафоны 21 сәуірде өтеді
2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі
8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Фото: дереккөзден алынды
197 рет
көрсетілді0
пікір