Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Сәуір, 2024

Солтүстік пен Батыс Қазақстанда жағдай күрделі

Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судан келетін қауіп әлі сейілмеді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев хабарлады.

Сергеев су қоймасындағы су 9 см-ге төмендеген. Алайда Ақмола облысынан су тасқынының екінші толқыны келе жатқанын ескертті.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен аймаққа көлемді су 20 сәуір келеді деген болжам барын айтты.

Ал Атырау облысының Жылыой ауданындағы жағдай әзірге тұрақты.  Аймақта су басу қаупі бар Индер, Махамбет аудандарында жаға бекітіліп жатыр.

Фото: Qazaqstan арнасы

192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз