Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, министрліктің бағынысты ұйымдары м ен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда.
Педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
«Еліміздің 42 мектебінде Білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Атап өту керек, әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдармен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады», - деді спикер.

98 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз