Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Ерекше балаларды қолдау орталығында көкөніс қымбат бағаға сатылып алынған

ҚМА қабылдаған шаралардың нәтижесінде ӘМАТ (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) себетінен азық-түліктің сатып алу құнын үштен біріне төмендетілді.
Талдау барысында ШҚО білім басқармасының «Оқуда ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» КММ жеке кәсіпкерден жоғары бағамен ӘМАТ сатып алуды жүзеге асыратыны анықталды.
Былтыр Орталық қырыққабатты 1 кг үшін 380 теңгеге, сәбізді 325 теңгеге сатып алды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде ЖК-ге уәкілетті орган ескерту түріндегі жазаны қолдана отырып, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасында анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік мекеме көкөніс жеткізушілермен орташа республикалық деңгейдегі бағалармен жаңа шарттар жасасты.

Өткен жылмен салыстырғанда сәбізді сатып алу құны 35% - ға (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), ал қырыққабат (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) 60% - ға төмендеді.

108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз