Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Сәуір, 2024

Ақтөбеде мектептерге эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

Ақтөбеде мектептерге эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Ақтөбе қаласының мектептерінде ұйымдастырылған эвакуациялық пункттер жабылды. Қазіргі уақытта оқу орындарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ақтөбе қаласы мен аудандарда 40 мектеп су тасқыны кезінде үйлері су басқан азаматтар үшін эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.
Аймақтағы су тасқыны жағдайы тұрақталды, тұрғындардың көпшілігі үйлеріне оралуда. Эвакуациялық пункттерде әлі де тұрып жатқан ақтөбеліктер жоғары оқу орындары, колледждердің жатақханалары мен қонақ үйлерге ауыстырылып, орналастырылуда. Басты міндет - үйлері әлі қалыпқа келмеген тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.
Атап айтсақ, бүгінде Ақтөбе қаласындағы үйлері суға кеткен 984 адам М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің жатақханаларына, сондай-ақ олимпиадалық резерв орталығының қонақ үйі мен «Ас-Сәлем» қайырымдылық мекемесіне көшіріліп жатыр. 984 адамның 448-і — балалар.
 

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

190 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз